Монако ханзадасы: «Венгерге жай ойнаңдар дедік»

О Сансызбай Корреспондент
Монако ханзадасы: «Венгерге жай ойнаңдар дедік»

Монако ханзадасы Альбер ІІ Чемпиондар лигасының 1/8 финалында кездескен «Арсенал» мен «Монако» арасындағы бірінші ойыннан кейін өз ойын білдірді. Ол жақында Геннадий Головкин мен Мартин Мюррей жекпе-жегінің де құрметті қонағы болған еді.

БӨЛІСУ

- Мен Лондонда дәл осындай нәтиже тіркелетінін күтпеген едім. Бірақ, біздің команда бұл жеңіске лайықты өнер көрсетті. Бізді тең есеп те қанағаттандыратын еді. Ойын алдында Арсен Венгермен кездесіп, «Монакоға» қарсы жай ойнаңдар деп әзілдедім. Мен үшін өкінішті, біз оның жеңісін «ұрлап» кеттік, - деген ханзада УЕФА ресми сайтына берген сұқбатында.

Айта кетейік, Лондонда өткен түндегі ойында «Монако» «Арсеналды» 1:3 есебімен жеңіп, кішігірім сенсация орнатқан-ды. Ал Арсен Венгердің өзі 1987 мен 1994 жылдар аралығында осы «Монаконы» жаттықтырған болатын.

Сурет: zimbio.com  

Оқи отырыңыз

Чемпиондар лигасында «Атлетикодан» алғашқы ойыншы алаңнан қуылды

Чемпиондар лигасы. Месси Англияда пенальти орындай алмады (видео)

Чемпиондар лигасы. «Реал» «Баварияның» рекордын қайталады

Чемпиондар лигасы. Тең есептер тіркелді (видео)