Головкин мен Мюррей салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті (видео)

О Сансызбай Корреспондент
Головкин мен Мюррей салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті (видео)

Кәсіпқой бокста WBA (Super), IBO және WBC Interim нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы отандасымыз Геннадий Головкин 21 ақпаннан 22 ақпанға қараған түні британдық Мартин Мюрреймен жекпе-жек өткізеді. Бүгін қос боксшы салмақ өлшеу рәсімінен өтті.

БӨЛІСУ

Қазақстандық боксшының салмағы 72,48 келі (159,8 фунт) болса, қарсыласы 7 граммға ауыр болып шықты. Нәтижесінде екі боксшы да өз салмақтарында жекпе-жекке шығуға рұқсат алды.

Салмақ өлшеу рәсіміне британдық боксшының жанкүйерлері көптеп жиналған. Олар Мартин Мюррейге зор қолдау көрсетсе, GGG салмақ өлшеуге шыққанда өздерінше наразылық ысқырықтарымен қарсы алды. Тіпті, хабарлаушы Майкл Баффердің дауысы да естілмей қалған. Бірақ, Геннадий Головкин салқынқандылық танытып, салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті. Қос боксшы арасында қақтығыстар орын алған жоқ.

Айта кетейік, екі былғары қолғап шебері де кәсіпқой бокста 31 кездесу өткізген. Өзара жұдырықтасулары 32-ші жекпе-жектерін тіркемек. Тағы бір қызығы, екеуінің де жасы 32-де екен. GGG 31 кездесуінің 28-ін мерзімінен бұрын нокаутпен аяқтаған. Ал қарсылас болса бұл көрсеткішпен санаса алмайды. Мартин Мюррей 12 жекпе-жегінде ғана нокаутпен жеңіске жеткен.

Үлкен бокс кеші 21 ақпаннан 22 ақпанға қараған түні тікелей эфирде көрсетіледі. «Salle des Etoiles» (Монако) аренасынан «Қазақстан» телеарнасында Астана уақыты бойынша басталуы - сағат 01.25-те. Головкин мен Мюррейдің жекпе-жегі Астана уақыты бойынша сағат 04.45-те басталады. Көрермендер 22 ақпан күні сағат 10.00-де «Кazsport» телеарнасынан бокс кешінің қайталауын, соның ішінде Головкиннің де жекпе-жегін тамашалай алады.

Сурет:vk.com

Оқи отырыңыз

Головкин бұрын қылмыстық жазаға тартылған қарсыласын қалай жеңеді?

Мюррей Головкиннің суретінен де қорқа бастаған секілді

Головкин мен Мюррей жекпе-жегінің билеттері сатылымға шықты

Геннадий Головкиннің спорттағы ең үздік сәттері HBO телеарнасынан көрсетілді

Головкин келесі кездесуін Калифорнияда өткізеді