Зарина Диас WTA рейтингінде ондыққа енген теннисшіні жеңді

О Сансызбай Корреспондент
Зарина Диас WTA рейтингінде ондыққа енген теннисшіні жеңді

Қазақстандық теннисші Зарина Диас «Dubai Tennis Championship» халықаралық турнирінің үшінші айналымына өтті. Ол 1/16 финалда әлемнің 10-шы ракеткасы Андреа Петковичті жарыс жолынан шығарды.

БӨЛІСУ

Зарина Диас бірінші айналымда неміс елінің теннисшісі Анника Бекті жеңген еді. Екінші айналымда да Германиядан келген теннисшімен жолы түйісті. Әрине, алғашқы қарсыласымен екінші қарсыласын салыстыруға келмейді. Анника Бек WTA рейтингінде 68-ші орында болса, Андреа Петкович бұл рейтингте алғашқы ондықты қорытындылап тұр.

Екі теннисшінің алғашқы кездесуінде Зарина Диас 7:5, 6:3 есептерімен жеңіске жетті. Ойын 1 сағат 40 минутқа созылды. Енді отандасымыз үшінші айналымда Екатерина Макарова (Ресей)/Катерина Козлова (Украина) жұбының жеңімпазымен ойнайды.

Айта кетейік, Дубайдағы дода 21 ақпанда мәресіне жетеді. Одан кейін Зарина Диас Малайзия ашық чемпионатына қатысатын болады.

Сурет: dubaidutyfreetennischampionships.com

Оқи отырыңыз

Зарина Диас үшжылдық үзілістен кейін ұлттық құрамаға оралды

Зарина Диас: "Олимпиадаға Қазақстан атынан қатысу – мен үшін үлкен мақтаныш болар еді"

Зарина «Australian Open» турнирін аяқтады

Мария Шарапова: Зарина Дияс кез келген қарсыласын сүріндіруге қауқарлы