Геннадий Головкин Монте-Карлоға келді

Еркебұлан Қайрахан Корреспондент
Геннадий Головкин Монте-Карлоға келді

WBA (Super), IBO және WBC Interim нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы  32 жастағы қазақстандық  Геннадий Головкин өз командасымен Монте-Карлоға келді,  21 ақпанда   Salle des Étoiles аренасында ол 32 жастағы британдық Мартин Мюрреймен жекпе-жекке шығады, деп хабарлады inform.kz vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

БӨЛІСУ

Бірнеше күннен кейін Головкин мен Мюррей журналистерге арналған баспасөз мәслихатын өткізеді. Жұмада, 20 ақпанда ресми өлшеу рәсімі өтеді, ал жекпе-жек Астана уақыты бойынша сенбіден жексенбіге қараған түні болады.

Алдағы айқас екі боксшы үшін де кәсіби рингтегі 32-ші кездесу болмақ. Бұдан бұрынғының бәрін Геннадий жеңіспен аяқтады. Ал Мюррей  29 рет жеңіске жетіп, 1 рет жеңіліп, бір кездесуде тең түскен.

сурет: yvimg.kz