«Атлетико» «Реалды» тағы да сан соқтырды

О Сансызбай Корреспондент
«Атлетико» «Реалды» тағы да сан соқтырды

Футболдан Испания чемпионатының ХХІІ тур ойындарындағы мадридтік дербиде «Атлетико» басты қарсыластарының бірі «Реалды» ойсырата жеңді. «Висенте Кальдерон» стадионындағы ойында алаң иелері қонақтар қақпасына 4 гол соқты.

БӨЛІСУ

Карло Анчелотти шәкірттері «Атлетикоға» қарсы соңғы алты ойында айлалары жүзеге аспай келеді. Чемпиондар лигасы финалынан кейін Диего Симоене командасы қаһарына мінді. «Корольдік клубты» толықтай зерттеп, ойын жүйесін жүзеге асыртпауда. Бүгін де сол жағдай қайталанды. 14-ші минутта Тьяго Мендеш есеп ашса, араға 4 минут сала Сауль Ньигес нәтижені еселей түсті. Екінші таймда да «Атлетико» екі гол соқты. 67 минутта Антуан Гризманн белсенсе, ойынның соңғы минуттарында Марио Манджукич төртінші голдың авторы атанды.

«Реал» 2014/2015 жылғы маусымда төртінші рет жеңіліп отыр. Бірде-бір рет тең нәтиже көрсетпеген. Ал «Атлетико» болса 50 ұпаймен каталондық «Барселонаны» қуып жетті. Бір ойыны кем «блауграна» өз ойынын ертең бильбаолық «Атлетикпен» өткізетін болады. 

Cурет: vk.com

Оқи отырыңыз

Роналду 600-ші ойынында алаңнан қуылды (видео)

Криштиану қаңғыбастың образын сомдады (видео)

Испан басылымдары Роналдуға «қалыңдық» іздей бастады