Үстел теннисінен өткен халықаралық турнирде Қазақстан жүлдегер атанды

Еркебұлан Қайрахан Корреспондент
Үстел теннисінен өткен халықаралық турнирде Қазақстан жүлдегер атанды

Иранның Тегеран қаласында үстел теннисінен «От кубогы-2015» («Fajr cup-2015») үшін өткен халықаралық турнирде Қазақстан әйелдер құрамасы жүлделі үшінші орынды жеңіп алды, деп жазады inform.kz.

БӨЛІСУ

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, бұл жарыста үндістандықтар чемпион атанса, Венгрия құрамасы күміс жүлдені еншіледі. Қазақстан ұлттық құрамасы сапында батысқазақстандықтар Гүлшеһра Хусейнова мен Наталья Сладкова өнер көрсетті. Оған қоса жұптасып өнер көрсетуде Г.Хусейнова белоруссиялық Дарья Триголоспен бірге жеңімпаз атанды. Олардың бапкері - С.Назарова.

сурет: 10-walls.com