Месси өзге командаға ауысуы туралы қауесетке түсінік берді

О Сансызбай Корреспондент
 Месси өзге командаға ауысуы туралы қауесетке түсінік берді

Каталондық «Барселона» командасының көшбасшысы Лионель Месси өзге клубқа ауыспайтыны туралы мәлімдеді. «Челсиға» ауысуы мүмкін деген барлық ақпараттардың жалған екенін жеткізді.

БӨЛІСУ

- Мен өзге клубқа ауысуға жиналып жүрген жоқпын. Бұл туралы айтылған ақпараттардың барлығы – жалған. Менің «Челсимен» ешқандай да байланысым жоқ, - деді.

Айта кетейік, «блауграна» XVIII турда басты қарсыластарының бірі – мадридтік «Атлетикодан» басым түсті. «Камп Ноуда» өткен кездесуде 3:1 есебі тіркелді.

Луис Энрике шәкірттері алғашқы минуттардан бастап-ақ «Атлетико» қақпасына шабуылын үдетті. Нәтижесінде 12-ші минутта Неймар есеп ашса, 35-ші минутта Луис Суарес есепті еселей түсті. 57-ші минутта Марио Манджукич пенальтиден есепті қысқартқанымен, ойын соңында Лионель Месси екі доп басымдығымен командасын қайта алға шығарып кетті. Сонымен қатар, «Атлетикомен» өткен ойын алдында Мессиге Испания футболы тарихындағы ең үздік сұрмерген ретіндегі құрметті сыйлық табысталды.

Cурет:prosport-ru.tsn.ua