Серік Қонақбаев AIBA комиссиясына төраға болып тағайындалды

О Сансызбай Корреспондент
Серік Қонақбаев AIBA комиссиясына төраға болып тағайындалды

AIBA вице-президенті, Азия бокс федерациясының президенті Серік Қонақбаев спортшылар мен жастардың ісі бойынша AIBA комиссиясының төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлап отыр.

БӨЛІСУ

AIBA президенті Чинг Куо Ву Серік Қонақбаевты осы лауазымға тағайындалуымен құттықтап, арнайы хат жолдады.

- Сіз соңғы жылдарда AIBA-ның барлық жобаларында белсенді атсалыстыңыз. Өзіңізді өте іскер, қызметіне адал тұлға ретінде бағалаймын. Боксшы ретіндегі үлкен жетістіктеріңіз, сондай-ақ бокс саласындағы терең біліміңіз бұл міндетті табысты орындауға көмектесетіні сөзсіз, - деген құттықтау хатта.

Серік Керімбекұлы Қонақбаев 1959 жылы Павлодар қаласында дүниеге келген. ХХII жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, Еуропа чемпионы (1979, 1981), 3 дүркін КСРО чемпионы, әлем чемпионатының күміс жүлдегері (1982), Әлем кубогінің иегері (1979, 1981) КСРО еңбек сіңірген спорт шебері. 2010 жылдан бері Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті.

Сурет:prosportkz.kz