Зарина Шэньчжен турнирінің ширек финалынан аса алмады

О Сансызбай Корреспондент
Зарина Шэньчжен турнирінің ширек финалынан аса алмады

Қазақстандық теннисші Зарина Диас Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтіп жатқан WTA санатындағы «Shenzhen Open-2015» турнирінің ширек финалында сүрінді. Отандасымыз қытайлық теннисші Чжен Сайсайдан жеңіліп қалды.

БӨЛІСУ

Зарина Диас үшін қытайлық теннисші ыңғайсыз қарсылас саналады. Осыған дейінгі үш кездесуінде де жерлесіміз жеңіліп қалған болатын. Бұл жолы да жолы болмады. Бірінші сетті 6:3 есебімен Зарина жеңіп шыққанымен, екінші және үшінші сетте Чжен Сайсай мықтылығын танытып кетті. Қытайлық теннисші қазіргі таңда WTA рейтингінде 97-ші сатыға жайғасқан. Ал қазақстандық теннисші болса соңғы жаңарған рейтингте 32-ші орыннан көрінген болатын.

Естеріңізге сала кетсек, Зарина Диас бірінші ойынында хорват қызы Донна Векичтен, 1/8 финалда мажар елінің спортшысы Тимеа Бабоштан басым түскен еді. Жұптасып өнер көрсетуде бірінші айналымнан аса алмаған-ды. Ал «Shenzhen Open-2015» халықаралық турнирінің жалпы жүлде қоры 500 мың АҚШ долларын құрайды. Жекелей сында жеңіске жеткен спортшы 111 163 доллар көлемінде сыйақы алып, одан өзге 280 рейтингтік ұпайға ие болады. Отандасымыз бұл жарыстан 8 934 АҚШ доллары мен рейтингтік 60 ұпай еншіледі. 

Cурет: shenzhenopentennis.com