Денис Тен Хорватиядағы халықаралық турнирде топ жарды

О Сансызбай Корреспондент
Денис Тен Хорватиядағы халықаралық турнирде топ жарды

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Хорватияда өткен «Golden Spin of Zagreb» халықаралық турнирінде жеңіс тұғырынан көрінді. 

БӨЛІСУ

Денис Тен қысқа бағдарлама бойынша 92,51 ұпаймен көш бастады. Ал негізгі бағдарламада 157,43 ұпаймен екінші орыннан көрінді. Нәтижесінде қос бағдарлама қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы 249,94 ұпаймен алтыннан ала тақты.

Екінші орынды чехиялық мәнерлеп сырғанаушы Михал Бржезина жеңіп алса, үштікті ресейлік Константин Меньшов қорытындылады. Алғашқысы қос бағдарлама қорытындысы бойынша 239,62 ұпай жинаса, соңғысы 229,51 ұпай еншілеген.

Естеріңізге сала кетсек,  Денис Тен қараша айының соңында Францияның Бордо қаласында өткен әлемдік Гран-приде қола жүлдегер атанған еді. 

Сурет: AFP