«Валенсия» жанкүйері Мессидің басына бөтелке лақтырды (видео)

О Сансызбай Корреспондент
«Валенсия» жанкүйері Мессидің басына бөтелке лақтырды (видео)

Испания ла-лигасының ХІІІ тур ойындары аясында үздіктер қатарындағы «Валенсия» мен «Барселона» командалары кездесті. Соңғы минутта Серхио Бускетстің соққан голын тойлау сәтінде алаң иелері жанкүйерлерінің бірі Лионель Мессидің басына пластикалық бөтелке лақтырған.

БӨЛІСУ

Пластикалық бөтелкенің ішінде су болған. Десе де аргентиналық сұрмерген дәрігерер көмегін қажет еткен жоқ. Жанкүйер қылығына қатысты елдің тәртіптік-бақылау комитеті алдағы уақытта өз шешімін шығаратын болады.

«Валенсиядан» үш ұпайды еншілеп қайтқан «Барселона» қазіргі таңда ішкі біріншілікте мадридтік «Реалдан» екі ұпай аз жинап, екінші орында келеді.

Сурет: AFP