Илья Ильин әлем чемпионатының ең үздік ауыр атлеті атанды

О Сансызбай Корреспондент
Илья Ильин әлем чемпионатының ең үздік ауыр атлеті атанды

Ауыр атлетикадан Алматыда 81-ші әлем чемпионаты мәресіне жетті. Төрткүл дүние көз тіккен додада төрт дүркін әлем чемпионы атағына қол жеткізген отандасымыз Илья Ильин жарыстың үздік спортшысы атанды.

БӨЛІСУ

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы мен әлем чемпионатын ұйымдастыру комитеті Ильинді үздік деп таныды. Жерлесімізге әлем чемпионатындағы үздік ауыр атлет атағы жарысқа қатысушыларға арналған кеште берілді. Бұл туралы спортшының өзі instagram әлеуметтік желісінде хабарлап, жанкүйерлеріне алғысын жеткізді.

Илья Ильиннің бұл атақты иеленуіне толықтай негіз бар. Жаңа салмаққа ауысқан отандасымыз серпе көтеруде 242 келіні еңсеріп, әлем рекордын жаңартты. Шешуші сәтте сыр бермеген толағай төрт дүркін әлем чемпионы атанды. Жеңіс үшін барын салған жерлесіміз бұл жетістікке сай өнер көрсете білді.

Айта кетейік, Алматыда өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 3 алтын (Зульфия Чиншанло, Жасұлан Қыдырбаев, Илья Ильин) 2 күміс (Владимир седов, Жазира Жаппарқұл) жүлдемен 3-ші орынға тұрақтады.

 Сурет: massaget.kz