Кукушкин Вавринканы жарыс жолынан шығарды

О Сансызбай Корреспондент
Кукушкин Вавринканы жарыс жолынан шығарды

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Швейцарияның Базель қаласында басталған жүлде қоры 1,5 миллион еуроны құрайтын турнирде әлемнің төртінші ракеткасы Станислас Вавринканы жарыс жолынан шығарды.

БӨЛІСУ

Отандасымыз жақында Мәскеуде өткен «Кремль кубогының» жартылай финалына дейін жеткен болатын. Қазіргі таңда ATP рейтингінің 84-ші сатысында келеді. Ал швейцариялық теннисші бұл рейтингте 4-ші орында.

Михайл Кукушкин мен Станислас Вавринка арасындағы кездесу 2 сағат 15 минутқа созылды. Нәтижесінде жерлесіміз 6:4, 6:7, 6:3 нәтижелерімен жеңіс туын желбіретті. Сонымен қатар, осыған дейінгі екі теннисші арасындағы корттағы жекелей кездесулеріндегі нәтижелері (2:2) де теңесті. Келесі кезеңде қазақстандық теннисші неміс Бенжамин Беккермен кездеседі.

Сурет: championat.com