Росицки: Жасанды алаңда ойнамағаныма 18-20 жыл болыпты

О Сансызбай Корреспондент
Росицки: Жасанды алаңда ойнамағаныма 18-20 жыл болыпты

Бүгін футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2016 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Чехия құрамасымен кездеседі. Ойын алдында қарсылас команда капитаны лондондық «Арсенал» ойыншысы Томаш Росицки тілшілер сұрақтарына жауап берді.

БӨЛІСУ

- Қазақстанға сегіз сағат ұшып келіпсіздер. Алыс жол әріптестеріңізді қажытпады ма?

- Меніңше, сегіз сағат ұшып келу біздің тынығып алуымызға септігін тигізді. Көпшілігі ұйықтап, сергіп алды. Біз алаң мен қалаға бой үйрету үшін әдейі бір күн ерте келдік.

- Жаттығу кезінде аса көп жаттықпадың? Жарақатың бар ма?

- Жоқ, Түркиямен өткен ойында аздап аяғымды ауыртып алғанмын. Бірақ, қазір бәрі ойдағыдай. Ойынға шығуға дайынмын.

- Іріктеу кезеңін сәтті бастап, одан кейін Қазақстанмен өтетін ойын құраманың босаңсуына әсер етеді деп ойлайсыз ба?

- Нидерланды мен Түркия құрамаларынан кейін бізді Қазақстан құрамасы күтіп тұр. Қарсылас осал емес. Әлсіз деп қарауға болмайды. Бірақ, ұпай жоғалтар болсақ, өкінішті болары сөзсіз.

- Бірінші рет кездескелі отырған командамен болатын ойын сізді алаңдатпай ма?

- Барлығы жаттығу мен ұстанған жүйеге байланысты. Меніңше, Қазақстан Нидерландыға қарсы сәтті өнер көрсеткен. Бізді оңай ойын күтіп тұрған жоқ.

- Қазақстан ойынына қандай баға берер едіңіз?

- Біз әлі Қазақстан мен Нидерланды ойынын талқылап қараған жоқпыз. Көруге әлі уақыт бар деп ойлаймын.

- Жасанды алаңда ойнау ойындарыңызға кері әсер етпейді ме?

- Аса қиындық тудырмас деп ойлаймын. Бірақ, мен соңғы рет жасанды желекте 18-20 жыл бұрын ойнаған екенмін.Бұл тұрғыдан тәжірбиеміз жоғары емес. Бірақ, біз бой үйретіп, қолайлы аяқ киімдер киюге тырысамыз.

Айта кетейік, Қазақстан мен Чехия құрамалары арасындағы кездесу бүгін өтеді. Ойын Астана уақытымен 22:00-де басталады. Тікелей эфирде «Қазақстан» және «KazSport» арналарынан тамашалай аласыздар.

Автор: Өмірбек Сансызбай

Сурет: @massaget.kz