Гран-При. Әсет – күміс, Зарина – қола еншіледі

О Сансызбай Корреспондент
Гран-При. Әсет – күміс, Зарина – қола еншіледі

Дзюдодан Астана қаласында өтіп жатқан әлемдік Гран-Придің соңғы күнінде Қазақстан қоржынына үш медаль түсті, - деп хабарлайды massaget.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға дейін сүрінбей жеткен Әсет Ахметжанов шешуші сәтте мүлт кетті. Тәжікстандық Устоприен Камроншоға есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат тұтты. Жарақатына байланысты Болат Тимурды алмастырған дзюдошымыз сәтті өнер көрсетті деп айта аламыз.

78 келіге дейін салмақта Альбина Амангелдиева қола үшін белдесуде жеңіліп қалса, өзара бір қола медальға таласқан Гүлжан Иссанова мен Зарина Әбдірасулова арасындағы татамидегі текетіресте соңғысының мерейі үстем болды.

Сонымен, Астана қаласында тұңғыш рет ұйымдастырылған дүбірлі дода да мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы 2 алтын 2 күміс 3 қола жүлдемен жалпыкомандалық есепте бірінші орынға тұрақтады. Жерлестеріміздің жеңісімен құттықтаймыз!

Автор: Өмірбек Сансызбай

Сурет: @massaget.kz