«Арсенал» Англия Суперкубогын иеленді

О Сансызбай Корреспондент
«Арсенал» Англия Суперкубогын иеленді

Англия Суперкубогын сарапқа салған лондондық «Арсенал» мен «Манчестер Сити» арасындағы кездесуде Арсен Венгер шәкірттері қарсыластар қақпасына үш доп тоғытты.

БӨЛІСУ

Әйгілі «Уэмбли» стадионында өткен ойында есеп 21 минутта ашылды. Мануэль Пеллегрини баптайтын команданың қорғаушыларын сәтті алдаған Санти Касорла гол авторы атанды. 42 минутта Аарон Рэмси белсеніп, нәтижесінде Вилли Кабальеро екінші допты қақпасынан алып шықты. Екінші тайм басында «Манчестер Сити» ойыншыларының есепті қысқартуға мүмкіндіктері болған. Бірақ, пайдалана алмады. 61 минутта Оливье Жирудың алыстан бағыттаған добы тағы да қарсылас қақпасында тулады. Лондондық ұжым осымен өз тарихында 13-ші рет Англия Суперкубогын жеңіп алып отыр.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет:vk.com