Денис Тен ҚБТУ студенті атанды

Нұрбол Нұрмаханұлы Корреспондент
Денис Тен ҚБТУ студенті атанды

Tengrinews.kz тілшісі Сочи Қысқы Олимпиада ойынының қола жүлдегері Денис Теннің Қазақ-Британ Техникалық Университетінің студенті атанғанын және бұл туралы спортшы өзінің твиттер парақшасында жазғандығын хабарлайды. 

БӨЛІСУ

«Мен, бүгіннен бастап Қазақ-Британ Техникалық Университетінің студентімін. Алақай!)»  деп жазған екен ол. Денистің анасы Оксана ханым «Ақпараттық  жүйе» мамандығы бойынша оқып, медиатехнология есебін зерттеп білетін болады» деп баласының сөзін растап отыр. Сонымен қатар Денис Тен  осы жылы Спорт академиясы туризмін «Дайындық факультеті, қайта даярлау мен біліктілікті шыңдау кадры» бойынша аяқтаған. Диплом беру салтанаты маусым айының 12-сі күні өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, Денис Тен қысқы Олимпиада ойындарынан кейін «Құрмет» орденімен марапатталған. Сонымен қатар Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов Chevrolet Cruze көлігінің кілтін табыстаған болатын. Спорт және дене шынықтыру мәдениеті агенттігі ұйымдастырған «Жыл спортшысы» байқауында «Жыл серпілісі» номинациясын иеленген.

Еліміздің намысын қорғап, көк туымызды әлемдік деңгейде желбіретіп жүрген жас спортшыға білім жолында да табыстарың көп болсын дейміз!

Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы

Сурет: interview.voxpopuli.kz