Зарина Диас жартылай финалға өтті

Нұржігіт Айдархан Корреспондент
Зарина Диас жартылай финалға өтті

Қазақстандық теннисші Зарина Диас Ұлыбританияның Ноттингем қаласында өтіп жатқан ITF сериялы теннис турнирінің жартылай финалына өтті.

БӨЛІСУ

Жиырма жастағы қазақ қызы ширек финалда жиырма екі жастағы америкалық теннисші Мелани Одиннен 6:1, 6:7 (3:7), 6:3 есебімен басым түсті. Зарина бүгінде әлемнің 86-шы ракеткасы саналса, америкалық теннисші Мелани Один WTA рейтингінде 161-ші орында келеді. Екі теннисші бұдан бұрын өзара кездесу өткізбеген.

Зарина енді жартылай финалда португалиялық теннисші Мишель Ларшер де Бритумен күш сынасады. Мишель Ларшер де Бриту WTA рейтингінде 117-ші сатыда тұр. Ол ширек финалда грекиялық теннисші Элени Данилидуді (292-ші ракетка) 3:6, 6:1, 6:1 есебімен тізе бүктірді. 

Естеріңізге сала кетсек, Зарина Диас бірінші кезеңде австралиялық теннисші Оливия Роговскадан 6:2, 3:6, 6:0 есебімен басым түскен еді. Ал ширек финал үшін айқаста жиырма төрт жастағы ұлыбританиялық теннисші Наоми Броудиден айласын асырды. Есеп - 7:5, 3:6, 6:2. Турнирдің жалпы жүлде қоры 75 мың АҚШ долларын құрайды.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: vesti.kz