Зарина Диас Ноттингем турнирінің ширек финалына өтті

Нұржігіт Айдархан Корреспондент
Зарина Диас Ноттингем турнирінің ширек финалына өтті

Қазақстандық теннисші Зарина Диас Ұлыбританияның Ноттингем қаласында өтіп жатқан ITF сериялы теннис турнирінің ширек финалына өтті.

БӨЛІСУ

Жиырма жастағы қазақ қызы екінші кезеңде турнирдің бесінші нөмірлі теннисшісі, жиырма төрт жастағы ұлыбританиялық Наоми Броудиден басым түсті. Есеп - 7:5, 3:6, 6:2. Зарина бүгінде әлемнің 86-шы ракеткасы саналса, ұлыбританиялық теннисші Наоми Броуди WTA рейтингінде 163-ші орында келеді. Бүгінгі кездесуден кейін екі теннисшінің өзара қарсы ойындары 1:1 болды. 

Зарина енді жартылай финал үшін айқаста жиырма екі жастағы америкалық теннисші Мелани Одинмен күш сынасады. Мелани Один WTA рейтингінде 161-ші орында тұр. Ол екінші кезеңде жапониялық теннисші Аюми Моританы 6:1, 6:3 есебімен тізе бүктірген болатын. 

Естеріңізге сала кетсек, Зарина Диас бірінші кезеңде австралиялық теннисші Оливия Роговскадан 6:2, 3:6, 6:0 есебімен басым түскен еді. Турнирдің жалпы жүлде қоры 75 мың АҚШ долларын құрайды.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: vesti.kz