«Шахтер» IFFHS рейтингінде 18 саты жоғарылады

О Сансызбай Корреспондент
«Шахтер» IFFHS рейтингінде 18 саты жоғарылады

Халықаралық футбол тарихы мен статистикасы (IFFHS) түзген әлемнің үздік футбол клубтарының рейтингінде қарағандылық «Шахтер» жоғары нәтиже көрсетіп отыр. Жаңарған рейтингте қазақстандық клуб 18 саты жоғарылаған.

БӨЛІСУ

Виктор Кумыков баптайтын клуб 96,50 ұпаймен 187-ші орынға тұрақтапты. Осылайша, "Шахтер" әлемдегі үздік 200 клубтың қатарынан табылды. Қазіргі таңда ел премьер-лигасының IX тур ойындары қорытындысы бойынша 3-ші орында келеді. «Кеншілер» ұжымы X тур ойындары аясында ертең алматылық «Қайратта» қонақта болады.

Айта кетейік, жаңарған рейтингте мюнхендік «Бавария» 354 ұпаймен көш бастап тұр. Ал екінші және үшінші орындар мадридтік клубтар «Реал» мен «Атлетикоға» тиесілі болып отыр. Сонымен қатар, алғашқы ондыққа «Ланус» (Аргентина), "Атлетико Насьональ" (Колумбия), «Барселона» (Испания), «Севилья» (Испания), «Ювентус» (Италия), «Челси» (Англия) және «Бенфика» (Португалия) клубтары еніп отыр.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sport.nur.kz