Семейлік «Спартак» бас бапкерсіз қалды

О Сансызбай Корреспондент
Семейлік «Спартак» бас бапкерсіз қалды

Ел премьер-лигасына осы маусымда қосылған семейлік «Спартактың» бас бапкері Алмас Күлшінбаев қызметінен босатылды. Осыған дейін футбол маманы өз еркімен жұмыстан кететіні жайлы өтініш жасаған болатын.

БӨЛІСУ

Жаңа ғана аяқталған клубтың алқалы жиынынан кейін Күлшінбаевтың бас бапкер қызметінен босатылғаны белгілі болды. Енді бірер күннен кейінгі «Қайсарға» қарсы кездесуге клубты бас бапкердің көмекшілерінің бірі бастап шығады. Ал Алмас Күлшінбаевтың қызметінен кетуінің де себебі жоқ емес. Семейлік клуб осыған дейінгі сегіз турдың қорытындысы бойынша соңғы орында келеді. Екі рет қана тең есепке қол жеткізген команда нәтижесі көңіл көншітерлік дәрежеде емес еді.

Естеріңізге сала кетсек, Алмас Күлшінбаев бұл маусым басталғалы бері қызметінен босатылған алғашқы бапкер емес. Осыған дейін, «Тараз» бен «Тобыл» да жаңа бапкер тағайындаған болатын. Ал премьер-лига ойындары басталуына бір күн қалғанда шымкенттік «Ордабасы» бас бапкерсіз қалған еді.

 Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет:sportinfo.kz