«Манчестер Юнайтедті» кім баптайды?

О Сансызбай Корреспондент
«Манчестер Юнайтедті» кім баптайды?

Ағылшындық «Манчестер Юнайтед» пен нидерландылық бапкер Луи ван Гал арасындағы келісім тығырыққа тірелуде. Ол Райан Гиггздың өзінің көмекшісі болғанын қаламайды екен.

БӨЛІСУ

Алда келе жатқан Әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін нидерландылық маман өз орнын босатпақшы. Осыны ескерген манкуниандық клубтың басшылығы білікті бапкерге келісімшарт ұсынып көрген-ді. Алайда Луи ван Гал да өз ұсынысын жасауда. Оған бас бапкердің көмекшісі қызметін Райан Гиггз емес, Патрик Клюйверттің атқарғаны дұрыс көрінеді. Ал «қызыл сойқандар» клубтың «адал» футболшысын шеттетпейтіні анық. Осыны ескерген ағылшындық баспасөз құралдары Луи ван Гал мен «Манчестер Юнайтед» арасындағы келісімнің болмайтынын хабарлауда.

Естеріңізге сала кетсек, Райан Гиггз өткен аптада Дэвид Мойес қызметінен босатылғаннан кейін уақытша бапкерлік жұмысты қолына алған еді. Алғашқы кездесуін «Норвичке» қарсы өткізіп, 4:0 есебімен жеңіске де жетті.

 Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.ru