Денис Тен Әлем чемпионатына қатыспайды

О Сансызбай Корреспондент
Денис Тен Әлем чемпионатына қатыспайды

Мәнерлеп сырғанаудан Сочи ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Тен Жапония жерінде өтетін Әлем чемпионатына қатыспайтын болды. Бұл туралы спортшы твиттердегі жеке парақшасында мәлімдеді.

БӨЛІСУ

- Өкінішке орай, мен Әлем чемпионатына қатыса алмаймын. Жолға шыққалы отырған жанкүйерлерімнен кешірім сұраймын. Қиындықтар өз шешімін тапқаннан соң жаңа серпінмен бақ сынайтын боламын, - деді.

Денистен өзге Әлем чемпионатында ел намысын Абзал Рақымғалиев қорғайтын болады. Ал дүбірлі дода 24-30 наурыз аралығында Жапонияның Саитама қаласында өтеді.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.kz