Халк «Боруссияға» ауысқысы келеді

О Сансызбай Корреспондент
Халк «Боруссияға» ауысқысы келеді

Ресейлік «Зенит» командасының бразилиялық футболшысы Халк өзінің спорттық мансабын дортмундтық «Боруссияда» жалғастырғысы келетінін айтты. Бұл ақпарат кеше өткен қос команданың ойынынан кейін тарап отыр.

БӨЛІСУ

Юрген Клопп командасының капитаны Себастьян Кель goal.com сайтына берген сұхбатында: «Халк менен жаздан бастап «Боруссияда» ойнауыма мүмкіндік бар ма деп сұрады. Өз кезегімде білмейтінімді айтып, мүмкін қымбат футболшы ретінде көз салып қалар деп жауап бердім», - деді.

Естеріңізге сала кетсек, кеше Чемпиондар Лигасының 1/8 финалы аясындағы алғашқы кездесуде «Зенит» өз алаңында «Боруссиядан» 2:4 есебімен жеңіліп қалған болатын.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sport.news.am