Геннадий Головкин vs Осумана Адама. Соққылар статистикасы

Болат Қосмағамбет Корреспондент
Геннадий Головкин vs Осумана Адама. Соққылар статистикасы

Орта салмақтағы WBA және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен чемпиондық белбеулерге үміткер ганалық Осумана Адама арасында өткен кездесудегі қарсыластардың бір-біріне жұмсаған соққыларының статистикасы белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

Аталған кездесу ақпанның 1-інен 2-сіне қараған түні Монакода өтіп, жекпе-жек қорытындысы бойынша Головкин жетінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жеткен еді. Осылайша, Головкин өзінің 29-шы кездесуіндегі 29-шы жеңісіне жетті (оның 26-сы нокаут) және қатарынан 16 мәрте уақытынан бұрын жеңіс тұғырына көтерілді. Кейін хабарланғандай, қазақстандық боксшы қазіргі таңдағы барлық салмақтағы әлем чемпиондары арасында үздік нокаутшы деп танылды.    

Compubox/BoxingScene мәліметінше, жеті раунд ішінде Головкин қарсыласына барлығы 422 соққы жұмсап, оның 128-ін дәл көздеген. Джебтер (негізгі соққылардың алдында алдыңғы қолмен жасалатын орташа деңгейде соққы) бойынша 183-те 46, ал хуктарға (үлкен күшпен жұмсалатын негізгі соққы) келсек есеп – 239-ға 82. Адама болса жұмсаған джебтер бойынша алға шыққан – 228. Алайда олардың дәлдігі төмен шыққан – 17. Айта кетейік, кездесу барысында Головкин қарсыласын үш рет нокдаунға түсіріп үлгерді.

Жұмсалған/дәл тиген соққылардың толық статистикасымен (Landed – дәл тиген соққылар, thrown – жұмсалған, power punches - ауыр, яғни негізгі соққылар) келесі кестеден таныса аласыз:

1

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

СуретCompubox/BoxingScene