Фалькао Әлем чемпионатына қатыспауы мүмкін

О Сансызбай Корреспондент
Фалькао Әлем чемпионатына қатыспауы мүмкін

Колумбия ұлттық құрамасы мен «Монако» командасының шабуылшысы Радамель Фалькао осы жылы Бразилияда өтетін Әлем чемпионатына қатыса алмауы мүмкін.

БӨЛІСУ

Кеше Франция Кубогы аясында «Мон» командасымен сырт алаңда кездескен «Монако» 0:3 есебімен жеңіске жеткен болатын. Кездесудің 29 минутында колумбиялық шабуылшы есепті ашты. Алайда алғашқы тайм аяқталар тұста қорғаушы Сонер Эртекпен соқтығысып қалған Фалькао алаңды ерте босатуына тура келген-ді. Әзірге клуб басшылығы футболшының денсаулығы туралы нақты ақпарат жариялаған жоқ. Кей деректер бойынша, тізесінен жарақат алған шабуылшы 12 маусым мен 13 шілде аралығында Бразилияда өтетін Әлем чемпионатына қатыса алмауы мүмкін де екен.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін лондондық «Арсенал» мен ағылшын құрамасының ойыншысы Тео Уолкотт та жарақатына байланысты «мундиалға» қатыса алмайтыны белгілі болған еді. Ал француздың аты аңызға айналған футболшысы Зиннедин Зидан жақында бір сөзінде, Әлем чемпионатында Колумбия мен Чили құрамалары күтпеген сый жасауы мүмкін деген болатын. Енді Фалькао қатыспайтын болса, Колумбия құрамасының жағдайы қиын болары анық.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sportsnewss.ru