Элизабет Тұрсынбаева топ жарды

О Сансызбай Корреспондент
Элизабет Тұрсынбаева топ жарды

13 жасар қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева халықаралық «Жаңажылдық Словакия Кубогында» жеңістің биік тұғырынан көрінді. Байрақты бәсекеде әлемнің 10 елінен 14 спортшы бақ сынаған.

БӨЛІСУ

Жас мәнерлеп сырғанаушы осыған дейін талай айтулы додада топ жарып үлгерген. Ол – үш дүркін ел чемпионы, Мәскеу біріншілігінің жеңімпазы, 2012 жылғы Ресей Кубогының күміс жүлдегері атанған.

Ұзақ уақыт жас спортшы Мәскеуде жаттығып келген. Қазіргі таңда отбасымен Канаданың Торонто қаласында тұрады. Әйгілі бапкер Брайан Орсераның қол астында жаттығуын шыңдап жүр. Элизабет Сочи қысқы Олимпиадасында да ел намысын қорғайтын болады. Ал наурыз айында жерлесіміз жасөспірімдер арасында Болгарияда өтетін Әлем чемпионатына қатысуды жоспарлап отыр.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: remarka.kz