Касильяс «Реалға» тағы талап қойды

О Сансызбай Корреспондент
Касильяс «Реалға» тағы талап қойды

Мадридтік «Реалдың» қақпашысы Икер Касильяс маусым соңына дейін негізгі құрамға ілікпесе, командадан кететінін мәлімдеді. Бұл туралы AS хабар таратып отыр.

БӨЛІСУ

«Корольдік клуб» бас бапкері Карло Анчелоттидің шешімі бойынша қақпашы Чемпиондар Лигасы мен Испания Кубогында команда қақпасын қорғайтын болған еді. Ал Диего Лопес Ла-Лигада негізгі құрамда өнер көрсететін болып шешілген-ді. Алайда бапкердің бұл шешімімен Касильяс келіскісі келмейді. Осылай қосалқы құрамда отыра беретін болса, Бразилияға жолы түспеуі де мүмкін. Қақпашы Әлем чемпионаты туралы күмәнін де жасырып отырған жоқ.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Испания құрамасының қақпашысы мадридтік клубқа бірнеше рет талап қойған болатын. Әзірге Касильясқа қызығушылық танытып отырған командалар да жоқ емес. Олардың қатарында «Манчестер Сити» мен «Арсенал» бар. Ал Икердің Флорентино Перес командасымен келісімшарты 2017 жылға дейін жоспарланған.

 Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: news.sportbox.ru