Марина Вольнова топ жарды

О Сансызбай Корреспондент
Марина Вольнова топ жарды

Бокстан Тайпэй қаласында өтіп жатқан халықаралық ІІІ кубогында жерлесіміз Марина Вольнова топ жарды.  Әлемнің 16 елінен жиналған додаға еліміздің атынан 4 боксшы қызымыз аттанған болатын.

БӨЛІСУ

Лондон олимпиадасының қола жүлдегері шаршы алаңға үш мәрте көтеріліп, барлық кездесулерінде қарсыластарынан басым түсті. Ал 60 келі салмақта бақ сынаған Гүлжайна Үбіниязова жартылай финалда сүрініп, қола жүлдені қанағат тұтты.

Сонымен қатар, жеңіл салмақта шаршы алаңға шыққан Дина Елубаева (48 келі) мен Ақерке Құсайынова (51 келі) қарсыластарына басымдығын таныта алмады.

15-18 тамыз күндері аралығында өткен Тайпэй қаласының кубогы халықаралық турниріне барлығы 41 спортшы қатысты.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: prosport.kz