Көркем гимнастикадан әлем кубогына кімдер қатысатыны белгілі болды

О Сансызбай Корреспондент
Көркем гимнастикадан әлем кубогына кімдер қатысатыны белгілі болды
Фото ©️ olympic.kz

26-28 cәуір күндері Өзбекстан астанасы Ташкентте көркем гимнастикадан әлем кубогі кезеңі өтеді. Ташкенттегі турнирге Қазақстан құрамасы да қатысады. 

БӨЛІСУ

Ұлттық құрама команда топтық жаттығуда және жекелей сында жүлдеге таласады. Жекелей сында Милана Парфилова мен Эрика Жайлауова бақ сынайды. 

Бұған дейінгі әлем кубогі кезеңінде Эльжана Таниева сынға түскен болатын. 

Мамыр айындағы лицензиялық Азия чемпионаты да Өзбекстан астанасында өтеді. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!