Қазақстандық танымал теннисші Зарина Дияс сол қолына ота жасатты. Бұл туралы спортшының «instagram» желісіндегі парақшасына сілтеме жасап vesti.kz сайты хабарлады.
БӨЛІСУ
Қазақстан теннис қауымдастығы спортшының жарақатына байланысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ. 22 жастағы отандасымыз осыған дейін алған жарақатына ота жасатса керек-ті.
- Ота жасау сәтті аяқталды. Жақында ораламын, - деп жазды Зарина Дияс «instagram» желісінде.
Айта кетейік, қазіргі таңда Зарина Дияс WTA рейтингінде 133-орында келеді.