Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы сапында Олимпиадаға ең соңғы болып жолдама алған Мұхамедсабыр Базарбайұлы Тайландтағы іріктеу турниріне баға берді, - деп хабарлайды ҚР ҰОК.
63,5 келі салмақтағы шешуші кездесуде Базарбайұлы молдовалық боксшыдан басым түсті.
"Бапкеріммен бірге қарсыласымды зерттеп, айламен жұдырықтасу керек деп шештік. Өйткені, ол физикалық тұрғыдан мықты екен. Алғашқы раунд қиындау болды, кейін өз мәнерімді таптым. Бұл турнирде алты жекпе-жек өткізіп, бесеуінде жеңіске жеттім. Олимпиаданың өзінде төрт кездесу болады. Ал кубалыққа қатысты айтар болсам, төреші кімнің қолын көтерсе, сол жеңімпаз. Енді Олимпиадаға аз уақыт қалды. Халқымды жеңіспен қуантуға тырысамын", - деді спортшы.
Айта кетейік, Мұхаммедсабыр Базарбайұлы соңғы болып Олимпиада жолдамасын иеленді. Ерлер арасында Мырзағали Айтжанов шәкірттерін толық құрамда қатысады.
Айта кетейік, осыған дейін барлық жолдамалар саны бойынша Қазақстан мен Өзбекстаннан асып түскен ел жайлы ақпаратты жариялаған болатынбыз.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!