Бокстан Қазақстан мен Өзбекстаннан да көп жолдама алған ел бар

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Бокстан Қазақстан мен Өзбекстаннан да көп жолдама алған ел бар
Фото ©️ olympic.kz

Бокстан Париж Олимпиадасының барлық жолдамасы таратылды. Ерлер мен әйелдер құрамасын қоса алғанда ең көп жолдаманы Аустралия құрамасы еншілеген. 

БӨЛІСУ

"Жасыл құрлықтың" былғары қолғап шеберлері 12 жолдамаға ие болған. Тек ерлер арасында 92 килоға дейінгі салмақта ғана боксшы алып бармайды. 

Аустралиядан кейінгі орында – Өзбекстан. Олар әйелдер арасында 60 және 75 килода лицензия иелене алмаған. Ал ерлер құрамасы толық құрамда бақ сынайды. 

Жолдама саны бойынша үштікке Қазақстан, Бразилия және Ирландия құрамалары енген.

Отандастарымыз әйелдер арасында 54, 60 және 66 килода жолдама иелене алмады. Ал ерлер құрамасы толық құрамда барады. Соңғы жолдаманы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы жеңіп алды. 

Бразилия ерлер арасында 63,5 және 77, әйелдер арасында 75 килоға дейінгі салмақта жолдама алмаған. 

Ирландия ерлер арасында 51, 80 және әйелдер арасында 92 килодан жоғары салмақта лицензия еншілей алмады. 

Аустралия, Қытай және Ирландия құрамалары әйелдер арасында толық құрамда қатысады. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!