Көкбөріден Қазақстан құрамасы күміс жүлдені қанағат етті

Нұрбол Ынтымақұлы Корреспондент
Нұрбол Ынтымақұлы>
Көкбөріден Қазақстан құрамасы күміс жүлдені қанағат етті
Фото ©️ inst: ulttyqatsport.kz

Астанада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкбөріден Қырғызстан ұлттық құрамасы жеңіске жетті, – деп хабарлайды msports.kz тілшісі. 

БӨЛІСУ

Бірінші кезеңде Қырғызстан құрамасы 5:1  есебімен алға шықты. Ойынның екінші кезеңінде 8:3 есебі тіркелді. Үшінші кезең 10:4 есебімен қырғыз көкбөрішілерінің  пайдасына шешілді.

Бұл – Қырғызстан құрамасының көшпенділер ойындарындағы 11 алтын медалі.

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынған.  Дода 13 қыркүйекке дейін жалғасатын болады. 

Бұған дейін көкбөрі ойындарының алдында ұлттық құраманың бас бапкері Ақылбай Манкеев сұхбат берген болатын. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!