Еуропа чемпионатындағы ең жылдам 10 футболшы

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Еуропа чемпионатындағы ең жылдам 10 футболшы
Фото ©️ sport.ro

Еуропалық футбол қауымдастықтары Одағы (UEFA) Германиядағы жарыста бақ сынап жатқан ең жылдам футболшылардың рейтингін жариялады. Көш тізгінін румын футболшысы Валентин Михаила бастап тұр.

БӨЛІСУ

Валентиннің осы жарыстағы жылдамдығы 35.8 км/сағ болған. Одан кейінгі орындарға Дан Ндое (Швейцария) мен Расмус Хойлунд (Дания) орналасқан.  

1. Валентин Михайла (Румыния) – 35.8 км/сағ
2. Дан Ндое (Швейцария) – 35.6 км/сағ
3. Расмус Хойлунд (Дания) – 35.5 км/сағ
4. Рафаэл Леау (Португалия) – 35.4 км/сағ
5. Джереми Фримпонг (Нидерланд) – 35.2 км/сағ
6. Нуну Мендеш (Португалия) – 35.1 км/сағ
7. Киран Тирни (Шотландия) – 35 км/сағ
8. Килиан Мбаппе (Франция) – 35 км/сағ
9. Михаил Мудрик (Украина) – 34.9 км/сағ
10. Кайл Уолкер (Англия) – 34.8 км/сағ.

Айта кетейік, футболдан Германиядағы Еуропа чемпионаты 14 шілдеге дейін жалғасады.