Париждің заманауи өнер мұражайының алдында Франция құрамасының ойыншысы Зинедин Зиданның итальян қорғаушысы Марко Матерациді 2006 жылғы әлем чемпионатының финалында көкірегінен соғып тұрған мүсіні орнатылды.
Германия жерінде өткен 2006 жылғы әлем біріншілігінің Франция және Италия арасындағы финалдық кездесуінде «үш жолақтылардың» капитаны Зидан Матерацци тарапынан айтылған дөрекі сөздерге жауап ретінде қорғаушыны баспен ұрып жыққан болатын. Дәл сол оқиғадан соң, Зинедин алаңнан қуылып, «Скуадра адзурра» елінің аяқдопшылары әлем чемпионы атанған еді.
Қорғаушыны баспен соғып, алаңнан қуылғанына қарамастан, Зизу сол доданың ең үздік ойыншысы атанған. Ал, араға екі жыл салып, яғни 2008 жылы Матерацци: «Мен шынтуайтында Зиданға не айтып едім?» деген кітап жазып шыққан.
Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ
Сурет:eurosport.ru