Зидан "Реалдан" неге кетті?

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Нұржамал Үсенова>
Зидан "Реалдан" неге кетті?

Күні кеше мадридтік "Реалдың" бас жаттықтырушысы Зиннедин Зидан өз еркімен қызметінен кетті. Маманның мұндай шұғыл шешім қабылдауына нендей себеп болды екен? Бұл туралы испандық басылымдар түрлі болжамдар айтуда.

БӨЛІСУ

AS басылымында жарияланған ақпарат бойынша бас жаттықтырушы "корольдік клубтан" тек кетпеген. Зиданның мазасын қашырған – шабуылшылар Роналду мен Бэйлдің өзге клубқа ауысуы мүмкін деген хабары. Әсіресе валлилік ойыншының командада қалуын қалаған.

Француз маманы клуб президенті Флорентино Перестің трансферлік саясатымен келісе бермейді екен. Ал клуб басшылығы қақпаға Кеп Ариссабалаганы, ойыншылар Роберт Левандовский мен Неймарды өз қатарларына қосқысы келеді. Ал Зидан болса Кейлор Навас, Роналду мен Бэйл тұрғанда ол ойыншылардың келгенін қаламаған.

Бас жаттықтырушы қиын-қыстау кезеңде команданы қолдамаған клуб басшылығына наразы болған.