Зидан өз ойынан қайтты

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Зидан өз ойынан қайтты

Мадридтік «Реалдың» бас бапкері көмекшісі қызметін атқарып жүрген әйгілі француз футболшысы Зиннедин Зидан «Алтын допты» Роналдудың алғанын қалаймын деп мәлімдеді.

БӨЛІСУ

Қазан айының басында Зиннедин Зидан бір сұхбатында 2013 жылғы «Алтын допты» Франк Рибериге беру керек деп айтқан болатын. Өйткені бұл футболшы осы маусымдағы ойыншы армандайтын бар атаққа қол жеткізді деген-ді. Кейіннен мұнымен хабардар болған Роналду бас бапкерінің көмекшісіне өзінің өкпесін де жеткізген еді. Енді араға екі айдан астам уақыт салып Зидан өз ойын өзгертіп отыр. Ал бүгін Marca-ға берген сұхбатында Франк Рибери:"Алтын доп алмасам да бақыттымын", - деді.

Естеріңізге сала кетсек, футболдағы аса мәртебелі атақ болып саналатын «Алтын доп» иегерін марапаттаудың салтанатты кеші 13 қаңтарда Швейцарияның Цюрих қаласында өтеді.

 Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: eurosport.ru