"Бешикташқа" қатысты жаңалықтарды жариялап отыратын түркиялық шолушы Омер Кутсал жанкүйерлер арасында Бахтире Зайнутдиновтың болашағына қатысты сауалнама жүргізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өткен маусымда Зайнутдинов ыстамбұлдық клуб үшін барлық турнирде 37 матч өткізіп, бір гол салды. "Бешикташпен" бірге ол Түркия кубогін жеңіп алды, ал ел чемпионатында команда алтыншы болды.
Кутсал сауалнама қорытындысын жариялаған уақытта жанкүйерлердің көпшілігі (66,3 пайыз) "Бешикташ" Зайнутдиновпен қош айтысуын қолдап, дауыс берген болатын. Ал жанкүйрелердің үштен бірі (32,4%) қазақстандық футболшы келесі маусымда қосалқы ойыншы бола алатынын жазыпты. Сауалнамаға жауап берушілердің 1,3 пайызы ғана Бахтиер келесі маусымда негізгі құрамда болады деген екен.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!