Қазақстандық футболшы Бахтияр Зайнутдинов жаңа маусымда алғаш рет ойынға шықты. "Бесіктаста" ойнайтын отандасымыз "Кайсериспор" командасына қарсы матчтың соңғы минуттарында доп тепті, – деп хабарлайды msports.kz сайты.
Ыстамбұлдық команда ойында 3:0 есебімен жеңіске жетті. Ал Бахтияр ойында дубль жасаған Чиро Иммобиленің орнына шықты. Бұған дейін команданың бас жаттықтырушысы Джованни ван Бронкхорст қазақстандық ойыншыны алаңға шығармай келген еді.
"Бесіктас" қазіргі таңда 16 ұпаймен 3-орында келеді. Көш басындағы "Галатасарайда" 19 ұпай бар.
Бахтияр Зайнутдинов "Бесіктасқа" өткен жылы Мәскеудің ЦСКА командасынан ауысып келген болатын.
Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!