Қазақстандық теннисші Зарина Диас WTA сериясы аясында Франция жерінде өтіп жатқан «Internationaux de Strasbourg» турнирінің ширек финалында сүрінді.
20 жастағы қазақстандық теннисші америкалық Кристина МакХэйлден айласын асыра алмады. Алғашқы сетте 6:2 есебімен жеңілсе, екінші сетте 3:1 есебімен жеңіліп тұрғанда, ойынды жалғастырудан бас тартты. Әзірге Заринаның ойынды ерте аяқтауы белгісіз болып отыр. Осыған дейін жерлесімізбен кездеспеген америкалық теннисші WTA рейтингінің 59-шы сатысында екен.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Зарина Диас бельгиялық Кирстен Флипкенс пен хорват қызы Айло Томляновичтен басым түскен болатын.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: sports.kz