Зарина Дияс Уимблдон турнирінің іріктеу сайысын жеңіспен бастады

Мира Лұқпан Корреспондент
Мира Лұқпан>
Зарина Дияс Уимблдон турнирінің іріктеу сайысын жеңіспен бастады
Фото ©️ instagram.com/ktf.kz

Зарина Дияс Уимблдон турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

Заринаның "Үлкен дулыға" жарыстарындағы басты табыстары осы Уимблдонға байланысты екенін айта кетейік. Ол 2014 және 2015 жылдары төртінші айналымға дейін жеткен болатын.

Бұл жолы Дияс іріктеу сайыстарының ширек финалында әлемнің 208-ракеткасы, таиландтық Мананчэйа Савангкаевпен кездесті. Брейк алмасумен басталған матчта Зарина 7:5, 7:5 есебімен жеңіске жетті.

Зарина іріктеу сайыстарының финалына шығу үшін әлемнің 138-ракеткасы, америкалық Сачия Викеримен кездеседі.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!