Қазақстандық теннисші Зарина Диас Тайландтағы «Pattaya Open-2015» халықаралық турнирінің бірінші айналымынан аса алмады. Отандасымыз словак теннисшісі Даниэль Хантуховаға есе жіберіп алды.
WTA рейтингінің 73-ші орнында тұрған Даниэль Хантухованы Зарина Хобарттағы (Австралия) турнирде жеңген болатын. Бірақ, бұл жолы қарсыласы есесін қайтарып кетті. Бірінші сетте еліміздің бірінші нөмірлі теннисшісі 6:1 есебімен жеңіске жеткенімен, екінші және үшінші сетте ұтылып қалды. Осыған дейін Заринадан өзге Паттайадағы жарысқа қатысушы қазақстандық теннисші Юлия Путинцева да жарысты ерте аяқтаған еді. Ал Ярослава Шведова (51) жарысқа қатысудан бас тартқан. Әзірге оның себебі анықталған жоқ.
Айта кетейік, Зарина Диас WTA жаңарған соңғы рейтингінде 33-ші орында болатын.
Сурет:fedcup.com
Оқи отырыңыз
Зарина Диас үшжылдық үзілістен кейін ұлттық құрамаға оралды
Зарина Диас: "Олимпиадаға Қазақстан атынан қатысу – мен үшін үлкен мақтаныш болар еді"
Зарина «Australian Open» турнирін аяқтады
Мария Шарапова: Зарина Дияс кез келген қарсыласын сүріндіруге қауқарлы