Зарина Диас: "Олимпиадаға Қазақстан атынан қатысу – мен үшін үлкен мақтаныш болар еді"

Мейіргүл Оңғарова Корреспондент
Мейіргүл Оңғарова>
Зарина Диас: "Олимпиадаға Қазақстан атынан қатысу – мен үшін үлкен мақтаныш болар еді"

Қазақстандық теннисші Зарина Диас "Үлкен дулыға" турнирінен жеңіп шығып, Олимпиадаға қатысуды армандайды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

БӨЛІСУ

"Мен жарыстарға Қазақстан атынан қатысып жүрмін, енді Қазақстан намысын Олимпиадада қорғағым келеді. Бұл – мен үшін үлкен мақтаныш болар еді. Олимпиада екі жылдан кейін өтеді, оған қатысу үшін рейтингтен белгілі бір орын алу керек, қатысамын деп үміттенемін", – дейді Диас. 

Заринаның айтуынша, оның бос уақыты өте аз, өйткені ол өзін тенниске арнаған. "Теннис көп уақытымды алады, бірақ арманым – "Үлкен дулыға" турнирінен жеңіп шығып, әлемдік рейтингтің ТОП-10-дығына кіру. Егер нәтижеге жеткіңіз келсе, көп нәрсені құрбан етесіз. Барлық уақытыңызды жаттығуға, дайындыққа, турнирге арнайсыз. Бұл оңай емес. Егер мақсатыңыз болса, оған қарай қадам жасауыңыз керек", - деді Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Диас. Сұхбаттың толық нұсқасын мына жерден оқыңыз. 

Биыл Зарина Диас үшін спорттық мансабындағы сәтті жыл болды. 10 қарашада ол WTA рейтингінде тұңғыш рет 33-орынға көтерілді. 21 жастағы спортшының қоржынында 1371 ұпай бар. Мансабындағы жетістіктері үшін қазақстандық Халықаралық теннис ассоциациясының (WTA) "жылдың жаңалығы" аталымына ұсынылды. Спортшыға дауыс беру үшін мына сілтемеге өтіңіз.

Сурет: massaget.kz