Зарина Диас Қытайда өтіп жатқан турнирдің ширек финалына шықты

Шерхан Талап Корреспондент
Шерхан Талап>
Зарина Диас Қытайда өтіп жатқан турнирдің ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші Зарина Диас Қытайдың Гуанчжоу қаласында өтіп жатқан ITF сериясындағы теннис турнирінің ширек финалына шықты.

БӨЛІСУ

Жерлесіміз екінші айналымда он алты жастағы қытайлық теннисші Шилинь Сюдан 6:1, 6:2 есебімен басым түсті. Зарина WTA-ның әлемдік рейтингісінде 118-ші орында тұрса, қытайлық жас теннисші әлемнің 553-ші ракеткасы саналады.

Бұрындары Қазақстан туы астында өнер көрсеткен ресейлік теннисші Ксения Первак та жарыстың ширек финалына жолдама алды. Зарина мен Ксенияның жолы жартылай финалда түйісуі мүмкін. Зарина бұл кезеңде тағы бір қытайлық теннисші Ван Цянмен бақ сынасады. Ван Цян бұл турнирдің жетінші ракеткасы саналады. Ал ресейлік теннисші тағы бір қытайлық теннисші Сюй И-Фаньмен кордқа шығады.

Естеріңізге сала кетсек, турнирдің бірінші ракеткасы саналатын жерлесіміз Зарина Диас алғашқы айналымда қытайлық теннисші Яфань Ваннан 6:3, 6:3 есебімен басым түскен еді.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: sport.gazeta.kz