Зарина Диас Қазақстанның бірінші ракеткасы атанды

Нұржігіт Айдархан Корреспондент
Нұржігіт Айдархан>
Зарина Диас Қазақстанның бірінші ракеткасы атанды

Жиырма жастағы қазақ қызы Зарина Диас бүгін түзілген WTA рейтингінде Ярослава Шведованы басып озып, Қазақстанның бірінші ракеткасы атанды.

БӨЛІСУ

Зарина WTA рейтингінде 53-ші орынға тұрақтап, өткен айдағы орнын сақтап қалды. Ол жақында ғана АҚШ-тың Вашингтон қаласында өткен WTA сериялы теннис турнирінде екінші кезеңге өтіп, аса маңызды ұпайға ие болған еді. Бүгінде Заринаның қоржынында 1019 ұпай бар. Ал, Қазақстанның бірінші ракеткасы саналған Ярослава Шведова 1017 ұпаймен екі орынға төмен жылжып, 54-ші сатыға жайғасты. Шведова 28 шілде күні түзілген WTA рейтингінде 52-ші сатыда тұрған болатын. 

Басқа да қазақстандық теннисшілерден Галина Воскобоева 119-шы, Юлия Путинцева 164-ші, Сесиль Каратанчева 173-ші орынға тұрақтаған екен.

WTA рейтингінің жаңа тізіміндегі алғашқы ондықта айтарлықтай өзгерістер орын алған жоқ. Тізім басында бұрынғыша америкалық Серена Уильямс тұрса, екінші орын қытайлық теннисші Ли На еншісіне тиесілі. Ал, румыниялық теннисші Симона Халеп үздік үштікті түйіндеп тұр.

Естеріңізге сала кетсек, Зарина Диас биылғы жылы өткен «Үлкен дулығаның» екі бірдей турнирінде сәтті өнер көрсеткен еді. Ол Australian Open-нің үшінші кезеңіне дейін жетіп, өзінің спорттық мансабында үздік нәтиже көрсетті.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: vesti.kz