Зарина Диас жаңа жылды жеңіспен бастады

Нұржігіт Айдархан Корреспондент
Нұржігіт Айдархан>
Зарина Диас жаңа жылды жеңіспен бастады

Қазақстанның бірінші ракетасы Зарина Диас Қытайда өтіп жатқан WTA сериялы "Shenzhen Open-2015" турнирін жеңіспен бастады.

БӨЛІСУ

21 жасар қазақстандық теннисші жекелей сындағы алғашқы кездесуінде әлемдік рейтингте 85-орында тұрған 18 жасар Донна Векичпен жолықты. Жерлесіміз хорватиялық теннисшіден 6:3, 6:1 есебімен басым түсті. Ойын 56 минутқа созылды.

Бұл ойын Заринаның 2015-жылғы алғашқы кездесуі. Қазақ теннисшісі бүгінде Әйелдер теннис ассоциациясының (WTA) рейтингінде 33-орында келеді. Ал, Донна Векич болса 82-орында орналасқан. Екі теннисші бұрын өзара кездесу өткізбеген.

Зарина бұл турнирде жұптық сында румын Моника Никулескумен бірігіп, сынға түседі. Қазақ-румын жұбының алғашқы қарсыласы украиналық егіздер Надила мен Людмила Киченколар болмақ.

"Shenzhen Open-2015" турнирінің жүлде қоры 500 мың долларды құрайды.

Сурет: vesti.kz