Қазақстандық теннисші Зарина Диас Бирмингемде басталған «WTA Aegon Classic Birmingham» халықаралық турнирінің екінші кезеңіне өтті. Отандасымыз екінші кезеңде әйгілі беларус теннисшісі Виктория Азаренкомен кездеседі.
Қазақстандық теннисші қарсыласы Катерина Бондаренконы екі сетте де тай-брейкте жеңді. WTA рейтингінде 120-шы орынға орналасқан украиналық спортшы кездесудің соңына дейін барынша қарсыласа білді. Десе де тәжірибесі молдау Зарина тай-брейкте 9:7, 7:5 есептерімен жеңіске жете білді.
Зарина Диас екінші кезеңде Беларусь елінің намысын қорғайтын Виктория Азаренкомен кездеседі. Ол қазіргі таңда WTA рейтингінің 25-ші сатысына орналасқан. Бірінші кезеңде ол АҚШ теннисшісі Варвара Лепченкодан басым түсті.