Зарина Диас әлемнің 22-ші ракеткасынан айласын асырды

Нұржігіт Айдархан Корреспондент
Нұржігіт Айдархан>
Зарина Диас әлемнің 22-ші ракеткасынан айласын асырды

Қазақстандық теннисші Зарина Диас Францияның Страсбург қаласында өтіп жатқан WTA сериясындағы "Internationaux de Strasbourg" теннис турнирін жеңіспен бастады.

БӨЛІСУ

Жиырма жастағы жерлесіміз турнирдің үшінші ракеткасы бельгиялық теннисші Кирстен Флипкенспен өткен ойында 6:2, 6:7 (3:7), 6:3 есебімен жеңіске жетті. Қиын да тартысқа толы өткен кездесу 2 сағатқа созылды.

Естеріңізге сала кететін болсақ, Зарина Диас бүгінде WTA-ның әлемдік рейтингінде 96-шы орында келе жатса, оның қарсыласы 28 жастағы Кирстен Флипкенс 22-ші орында тұр. 

Зарина Диас келесі кезеңде әлемнің 71-ші ракеткасы хорватиялық теннисші Айла Томляновичпен кездесетін болады. Айла Томлянович бірінші айналымда француз теннисшісі Кристин Младеновичті 6:4, 6:0 есебімен жеңген болатын.

Турнирдің жүлде қоры 250 мың АҚШ долларын құрайды. 

Тағы бір қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Германияның Нюрнберг қаласында өтіп жатқан WTA сериясындағы "Nuernberger Versicherungscup" теннис турнирінің екінші айналымына өткенін қаперлеріңізге береміз.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: vesti.kz

Ұқсас жазбалар:

Зарина Диас "бүгінгі күннің аруы" болып танылды

Зарина жаңа жетістікті бағындырды

Зарина WTA рейтингінде 8 саты жоғарылады