Зарина Диас WTA рейтингісінде екі сатыға жоғарылады

Нұржігіт Айдархан Корреспондент
Нұржігіт Айдархан>
Зарина Диас WTA рейтингісінде екі сатыға жоғарылады

Қазақстандық теннисші Зарина Диас бүгін жаңарған WTA рейтингісінде екі сатыға жоғарылап, спорттық мансабындағы үздік көрсеткішке қол жеткізді.

БӨЛІСУ

Қазақстанның бірінші ракеткасы 39-шы орыннан 37-ші сатыға көтерілді. Заринаның қоржынында жалпы саны 1290 ұпай бар. Ол бұл жетістікке Қытайдың Пекин қаласында өтіп жатқан WTA турнирінің екінші айналымына шыққаннан кейін жетіп отыр. Зарина ол турнирдің алғашқы айналымында чехиялық теннисшісі Клара Крукалованы жеңген болатын. Алайда, келесі айналымда ол неміс Анжелик Керберге есе жіберіп, жарыс жолынан шығып қалды.

Жиырма жастағы қазақ қызы соңғы рет 29 қыркүйекте жаңарған WTA рейтингісінде 39-шы сатыға тұрақтап, үздік нәтиже көрсеткен болатын. Зарина ол жетістігін бүгін тағы да жаңартып отыр.

WTA рейтингі. ТОП-10. 6 қазан:

1 (1). Серена Уильямс (АҚШ)  8645 ұпай,

2 (4). Мария Шарапова (Ресей)  6680,

3 (2). Симона Халеп (Румыния)  6246,

4 (3). Петра Квитова (Чехия)  6126,

5 (5). Ли На (Қытай)  5020,

6 (7). Эжени Бушар (Канада)  4693,

7 (6). Агнешка Радваньска (Польша)  4650,

8 (9). Ана Иванович (Сербия)  4490,

9 (8). Каролина Возняцки (Дания)  4215,

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: Vesti.kz